Қазақстанда «Кеңес» атты жаңа өзін-өзі басқару органы құрылады

cover Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңадан өзін-өзі басқару органы құрылатынын мәлімдеді. Жергілікті орган – кеңес деп аталады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оған қандай міндеттер жүктеледі?

– Кеңес – бұл түбегейлі жаңа институт. Ол шешім қабылдау және бақылау сияқты нақты ықпал ету тетіктеріне ие болуы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кейбір жергілікті салықтар бойынша бекітілген мөлшерлеме аясының шегінде түзету енгізу құқығын беру маңызды жаңалық болмақ. Бұл ретте дәл осы кеңес ауылдағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Яғни бизнес өкілдерін тарту үшін фискальді кірістің барынша көп болғаны қажет пе әлде салықтың мейлінше төмен болғаны керек пе оны кеңес өзі айқындайды. Аталған құжатты дайындау және кең ауқымда талқылау үшін жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы оны қолдау керек деп ойлаймын, - деді Тоқаев.

Оның тұжырымдамасы 2030 жылға дейін бекітілуі керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар