Қазақстанда атеистер құқығын заңдастырады

cover

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов дін саласындағы заңдарға қандай түзетулер енгізу жоспарланғанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Біз дінге сенушілердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты біз түзетулер аясында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, сенбейтіндердің құқықтары деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, егер қазіргі уақытта сенушілердің құқықтары болса, біз сенбейтіндердің құқықтарын енгізгіміз келеді. Біз - зайырлы мемлекетпіз, дінге, конфессияға, этникалық қатыстылыққа қарамастан заң бәрінен жоғары, – деп хабарлады Нукежанов ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, дін саласындағы заңнаманы жетілдіру жоспарлануда.

– Біздің комитет дін саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда және діни бірлестіктерді тіркеу және діни іс-шараларды өткізу мәселелерін оңайлатуды көздейтін кейбір түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз, – деп қосты спикер.

Жалпы, оның бағалауы бойынша Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

– Конфессиялар, діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасында толық өзара түсіністік бар. Бізде диалог алаңдары жұмыс істеп тұр. Еліміздің діни бірлестіктерінің қызметі қоғамның дамуына және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған, - деп түйіндеді спикер.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар