Елімізде 23 ПТР сынағын қолдан жасаған адам анықталды

cover

Премьер-Министрдің орынбасары облыстық әкімдіктерге «сары» аймақта орналасқан елдерге күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ведомствоаралық комитеттің кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады. Премьер-Министрдің орынбасары Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау жұмыстары белсенді жүргізілмей жатқанын атап өтті.

Әкімдіктерге ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Ashyq жобасындағы бизнес-мониторинг нәтижелері бойынша келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды екі аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жыл басынан бері полиция ПТР сараптамаларын қолдан жасау және сату фактілері бойынша 23 қылмыстық іс, екпе паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрлігіне ПТР мен вакцина паспорттарының нәтижелерін бұрмалаумен айналысқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар