Қазақстан темір жолының лауазымды қызметкері ұсталды

cover

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қарамағындағы қызметкерлерден қаражат алып келген «Қазақстан темір жолы» қызметкерінің ұсталғанын хабарлады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс - шаралар нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаменті директорын ұстады.

Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелер басшыларынан ақшалай қаражат алған. Ақша көлемі 5 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлі екендігі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар