Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы сауда айналымы 9,6%-ға азайды

cover

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, былтыр еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 9,6 пайызға төмендеді.

2020-шы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның одақ елдерімен өзара саудасы 17 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл 2019-шы жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға аз. Оның ішінде экспорт 4 миллион 966 мың АҚШ долларын құрайды. Яғни, өзге елге тасымалданатын тауар көлемі 13 жарым пайызға кеміген. Ал импорт 12 миллион 693 мың доллар болды. Сонымен еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда айналымына тоқталсақ, алыс-беріс Ресеймен 92, Қырғызстанмен 4, Беларуспен 3,6, Армениямен 0,1 пайызды құрапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар