«Қазақстан мәдениетіне қызықтым». Қазақша сөйлейтін қытай қызының әңгімесі
Сюн И Нань Қытай халық республикасының Сиань провинициясында туып өскен. Хань ұрпағынан тараған отбасындағы жалғыз қыз. Оны Қазақстандағы достары қазақиландырып «Назым»деп атайды. Қазақ тілінде еркін көсіле сөйлейтін қытайлық арумен Orda.kz журналисі тілдесіп көрді.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында бірінші курста оқитын Назым Қазақстан мәдениетіне қызыққандықтан қазақ тілін үйренуге бекінген.
– Маған шет тілдерін үйренген ұнайды. Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу - бір жол» саясатын ұсынғандықтан Қытай мен Қазақстан достық қарым-қатынаста. Маған шетелде білім алмасу мүмкіндігі туған кезде мен бірден осы жақты таңдадым. Себебі мен туып өскен Сиань провинциясы Ұлы Жібек жолының бастауы. Жібек жолы бойында жатқан Қазақстан мәдениетіне қатты қызықтым, сол үшін тіл үйренуге бекіндім, - дейді ол.

Қытай қызы оқу форматы әлі де қашықтан жалғасып жатқандықтан сабақты ZOOM бағдарламасы арқылы оқып жатыр. 2018 жылы пандемия басталмай тұрып Қазақстанда дәстүрлі форматта оқыған.
– Бакалаврдағы үшінші курсымды халықаралық алмасу бойынша Еуразия ұлттық университетінде оқыдым. Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Қазір Әбу Насыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне магистратураға түстім. Топтағы студенттермен және мұғалімдермен қазақ тілінде сөйлесеміз. Біздің Қытайда көбісі ағылшын тілін біледі, сондықтан кей шетел адамдарымен сол тілде әңгімелесетініміз бар, - дейді қытайлық бойжеткен.
22 жастағы Назым Қазақстанда жүріп орысша білмегені үшін біраз қиналғанын жасырмады. Қазақ және ағылшын тілін меңгерген қыз ол тілді әлі үйренбегенін жеткізді.
– Көптеген адамдар орыс тілінде сөйлеуге дағдыланған, ал адамдар шетелдіктер орыс тілін көбірек білуі мүмкін деп ойлайды, сондықтан олар менімен сөйлесу үшін жиі орыс тілін қолданады.Сонымен қатар Қазақстанда этникалық топтар көп болғандықтан, адамдардың көбі қарым -қатынас жасау үшін орыс тілін қолданады.

Сюн И Нань өзі қазақ тілін үйренумен қатар, жанындағы жолдастарына қытайша үйретіп жүр. Оның айтуынша, тіл үйренгісі келетін қазақ жастары аз емес.
– Біздің университетте қытай тілін үйреніп жүрген қазақтар көп, мен олармен бірнеше рет сөйлесіп көрдім. Олардың ынтасы өте жоғары және өте мейірімді. Мен қытай тілін үйреніп жүрген қазақ қызын танимын. Ол өте жақсы оқиды және маған жиі көмектеседі, ол маған қазақ тілін үйретеді, мен қытай тілін үйретемін.

Бакалавр мен магистратураны Қазақстанның ұлттық университеттерінде оқыған Назым білім саласында айырмашылық бар екендігін айтты.
– Қазақстан мен Қытайдың білім саласында айырмашылық бар. Мысалы, Қытай университеттері оқулықтарды сабақта қолданғанды ұнатады, әр курстың арнайы оқулығы мен жұмыс дәптері бар, ал бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындары қолданатын оқулықтар онша ерекшеленбейді.
Қазақстанда арнайы оқулықтар жоқ және әр оқу орны пайдаланатын оқулықтар әртүрлі болуы мүмкін. Ұпайлар жүйесін есептеу де әртүрлі. Мысалы, Қытай кезеңнің соңында нәтижеге көбірек көңіл бөледі, бірақ Қазақстан күнделікті нәтижеге көбірек назар аударуы мүмкін.
Әңгіменің соңында Сюн И Нань Қазақстандағы қытайлық журналист болғысы келетінін жеткізді. Болашақта журналистика саласында қызмет атқаратын болса елге жиі келуге уәде берді.
– Мен Қазақстандағы оқуымды сәтті аяқтап, журналист болғым келеді, мүмкіндігінше Қазақстандағы қытайлық журналист ретінде(Foreign correspondents)жұмыс істеуге үміттенемін. Егер мен болашақта журналистикамен айналысатын болсам, сұхбат алу үшін Қазақстанға көбірек келермін.
Қытайлықтарға Қазақстанның мәдениеті, тарихы, саясаты, экономикасы және басқа да ақпараттар туралы айтып беремін, - деді Сюн И Нань(Назым)
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады