Қазақстан ең төменгі жалақы ұсынатын елдер қатарындағы үштікке ілінді

cover

Дамушы елдер қатарында көш бастамаса да Қазақстан ең төменгі жалақы ұсынатын елдер қатарындағы алдыңғы үштікке ілінді, деп хабарлайды ORDA.

Жалақыларды салыстыру үшін жасалынған зерттеуге ең төменгі жалақысы бар 56 ел қатысқан. Кейбір елдерде ең төменгі жалақыға салық салынбайды (Филиппин, Гонконг). Сондықтан зерттеу таза соманы, яғни қызметкердің қолына алатын ақшаны қарастырған.

Рейтинг соңына Өзбекстан жайғасқан. Ол жерде ең төменгі жалақы 57 доллар деңгейінде белгіленген. (Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша 23 883 теңге). Оның алдында Нигерия тұр – 71 доллар (29 749 теңге). Соңынан санағанда үшінші орында 88 доллармен (36 872 теңге) Қазақстан тұр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар