Қазақстан Дубай EXPO 2021 көрмесіне дайындалып жатыр

cover

Қазақстан Дубай EXPO 2021 көрмесіне қатысуға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қазақстанның иелігіндегі көрме залына 3,5 мың шаршы метрге жуық аумақ бөлінген. Қазір нысан құрылысы аяқталды. Жоспарға сай көрмені әлемнің түкпір-түкпірінен 25 млн адам көреді.

Айта кетейік, көрменің 20 пайызы бизнес қауымдастық өкілдері. Демек, Қазақстанның күш-қуатын әлемге тағы бір таныстыруға мүмкіндік бар. Біздің елімізде өткен ЭКСПО- ға биыл 4 жыл. Осы уақыт аралығында 4 трансшекаралық хаб пайда болады.

«Qazexpocongress» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Азамат Темірбеков елордада өткен ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысқан елдермен және компаниялармен тікелей байланыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– Елордамызда өткен ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысқан елдермен және компаниялармен тікелей байланыс жүргізіліп жатыр. Осы жолы өтетін Дубай көрмесінде алуан түрлі бизнес саласында, әлеуметтік-мәдени салада қарым-қатынас одан әрі жалғасады, - деді «Qazexpocongress» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Азамат Темірбеков.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар