Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге қолдау көрсетеді

cover Фото: sputnik.kz

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне визалық қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауғандық студент білім алуда. Білім және ғылым министрлігі олардың барлығы демалыс кезінде үйлеріне қайтқанын хабарлады.

– Қазақстандық тарап меморандум бойынша грант алған Ауғанстан азаматтарына визалық қолдау көрсетуге дайын. Елге оралғаннан кейін олар гранттар мен шәкіртақыларды сақтай отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады, - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, Талибан содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті толықтай өз қолдарына алды. Кейінірек Талибан өкілі елдегі соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда елшілік қызметкерлерінен басқа Қазақстан азаматтары қалмағанын растап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар