Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
Фото: DALL-E
Енді автокөлікке мемлекеттік нөмір алу бұрынғыдан да оңай. «ХҚКО» мобильді қосымшасында нөмірлік белгілерге онлайн тапсырыс беру сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың сұранысы бойынша қолжетімді нөмірлер тізімі кеңейтілді. Бұл тізімде «таңдаулы» немесе бірінші және соңғы сандары бірдей «әдемі» нөмірлер де бар.
Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында енді мемлекеттік нөмірді таңдау және тапсырыс беру Халыққа қызмет көрсету орталығы мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Нөмірге онлайн қалай өтініш беруге болады?
«ХҚКО» мобильді қосымшасын телефонға жүктеп, қосымшаны ашыңыз.


«Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдаңыз. Кейін «Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» қызметін таңдаңыз.

Өзіңізге ұнаған нөмірді еңгізіп, қызмет ақысын төлеңіз.
Өтінішті растаңыз. Өтініш мақұлданғаннан кейін, азамат дайын нөмірін белгіленген тәртіппен ала алады.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындау мерзімі әр өңірдегі қызмет көрсетуге байланысты 5-тен 15 жұмыс күніне дейін созылады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында маса мен өзге де қансорғыш жәндіктермен күреске 13,6 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл қаражат қоғамда әртүрлі пікір туғызған соң, Orda.kz тілшісі өңір әкімдігіне хабарласып, не себепті дәл осындай ірі қаражат қарастырылғанын сұрап білді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған
- Тоқаев пәкістандық басылымға эксклюзивті сұхбат берді
- Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
- Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты
- Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?