Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынып, ғалымдар эксперимент бастады
Австралия әлемде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілердің көпшілігін пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалымдар мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және олардың әлеуметтік байланыстарына шектеулердің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін бірегей эксперимент ретінде бағалайды, деп хабарлайды Orda.kz Nature-ке сілтеме жасай отырып.
Үкімет әлеуметтік желілерде жастар түні бойы ұйықтамай отырады, зиянды мазмұндағы ашық-шашық мәлімет алады, жалпы зияны көп деп топшылайды. Алайда, көптеген жасөспірімдер үшін, әсіресе шалғай аудандардағы жасөспірімдер үшін онлайн-байланыс – бір ғана қатынас құралы болып отыр.
Әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге әсері туралы нақты жауап алу үшін кейбір зерттеушілер өз жобаларын бастады.
Мысалы, Мельбурндағы Мердок институтының қызметкері Сьюзан Сойер 177 жасөспіріммен тыйым салынғанға дейін сауалнама жүргізген, психикалық денсаулыққа әсерін бағалау үшін оны 6 айдан кейін қайталамақшы.
Батыс Сидней университетінен Аманда Тёрд жасөспірімдердің қарым-қатынасы мен жеке байланыстарындағы өзгерістерге талдау жасаап жатыр, ал Монаша университетінен Зарех Газарян мұғалімдерге бұның жастардың саяси біліміне әсері туралы сұрақ таратты.
Квинсленд технологиялық университетінен Дэниел Ангус тыйым салуды айналып өтуді және одан әрі ғылыми зерттеулер үшін оның салдарын қадағалайды.
Ресурс атап өткендей, кейбір сарапшылар жанама әсерлерден қорқады: тыйым салу жасөспірімдерді қорғалатын платформадан ығыстырып, зиянды контент мониторингін қиындатуы мүмкін.
Басқа елдер (Франция, Дания, Испания) осыған ұқсас шектеулер енгізеді, дегенмен Австралия ең ауқымды ел. Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз уәкіл Джули Инман Грант және бір топ ғалымдар балаларға салынған тыйымның әсеріне, соның ішінде таза ауада өткізетін уақытқа, құрдастарымен байланысқа және дезинформацияға төзімділікке екі жылдық бағалау жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Австралияда алғаш рет балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын норма күшіне енді. Бұл елде 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok, Instagram, Facebook және басқа да платформаларға кіруге тыйым салынған.
16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттары тыйым салынған, яғни TikTok, Facebook, Instagram, X, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads бағдарламаларынан жойылуы тиіс. Он ірі платформаға 49,5 миллион австралиялық долларға (33 миллион АҚШ доллары) дейінгі мөлшерде айыппұл салу қаупі төнген балалардың кіруіне тосқауыл қою ұйғарылды.
Еске салсақ, біздің елімізде 16 жасқа толмаған пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салатын заң жобасы дайындалды. Бастама «Кейбір заңнамалық актілерге онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі.
Біздің елдегі заң жобасы бойынша 16 жасқа дейінгі балаларға көптеген платформаларда - бейнехостингтерде, әлеуметтік желілерде, контент платформаларында аккаунт құруға болмайды. Артықшылық тек мессенджерлерге берілген.
Айтпақшы, бұған дейін Норвегия заңы13 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік желіні қолдануға шектеу қойған, былтыр оны 15 жасқа дейін деп өзгертті.
Биылғы ақпан айында еліміздің мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Қазақстанда 18 жасқа толмағандарға TikTok қолдануға тыйым салуды ұсынды.
Жаңалықтар
- «Жасыл дәліздер» мен жәрмеңкелер: үкімет жаңа жыл алдында азық-түлік арзандайтына уәде берді
- Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны «жеңгенімен» салыстырды
- Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынып, ғалымдар эксперимент бастады
- 2026 жылы елімізде ақылы жолдар саны өседі
- Ақтауда қарлы боран: ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кідіреді
- Қарағанды облысына қоныс тепкен бизондар, тұқым жайып жатыр
- Венгриядағы наразылық: Орбан балаларға жасалған зорлық-зомбылықты ақтады деп айыпталды
- Лукашенко Трамптың өтініші бойынша 120-дан астам саяси тұтқынды босатты
- Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген естелік жазуы бар қару сатылды
- Оралдағы тұрғын үйде жарылыс болды
- «Ескі уақытты қайтарыңыздар»: құрылысшылар біріңғай уақыт белдеуіне қарсы шықты
- Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады
- БАӘ-де бокстан өткен әлем чемпионатындағы Қазақстан құрама командасының жеңісі
- 14 желтоқсанда қар жауып, көктайғақ болады
- Абай облысында әскерге шақырылғандарды медициналық тексеру үшін 40 млн теңге артық төленген
- Еліміздің төрт боксшысы Әлем чемпионатының финалына өтті
- Стивен Уиткофф Берлинде Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездеседі
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
- Трамп Камбоджа мен Таиландтағы атыс тоқтағанын мәлімдеді, бірақ ұрыс жалғасуда