Қауіпті «оптовка»: алматылықтар неліктен мерзімі өткен азық-түлікті сатып алады

cover

Алматыда 1000 теңгеге тұтас азық-түлік себетін сатып алуға болатын базар бар. Сүт немесе импортталған консервілер, кәмпиттер мен шұжықтардың құны көз қуантады десе болады.

Толығырақ Orda.kz сайтында.

Әйгілі «оптовкада» аттап басқан жеріңде, әр сөреде жарамдылық мерзімі бірнеше жыл бұрын өтіп кеткен өнімдер тізіліп тұр.

Orda.kz тілшісі мерзімі өтіп кеткен өнімді сатудан және сатып алудан неге ешкім сескенбейтінін анықтады.

Оптовканың ет сататын қатарында бәрі бар, тіпті балалар тағамы мен ысталған ет те.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты

Сатушылар 70-80% жеңілдіктерді мақтанышпен хабарлайды. Бір пакет сүт 50 теңге, шұжыртақ 350 теңгеден. Өнімнің мерзімі өтіп кеткенінде ешкімнің шаруасы жоқ.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты
Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты

— Иә, мерзімі өтіп кеткен, бірақ ақша жетпейді. Біз сияқты зейнеткерлерге осылай тәуекел етуге тура келеді, басқа амалымыз бар ма? Мен мұнда апта сайын шұжық аламын, басқа ештеңе жоқ, - дейді сатып алушылардың бірі.

Өз атын атаудан бас тартқан сатушы негізгі келушілер зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасылар екенін растады.

— Мен мұндай өнімді жеті жыл бойы сатып келемін. Мұнда жұмыс істегеніме үш жыл болды. Сол үйреншікті адамдар келеді. Күніне екі жүздей адам сауда жасайды. Қораптары мен қалбырлары мыжылған, бірақ жақсы. Кейбірі соған бола өтпейді, ысырап қылмаймыз ғой енді. Сондықтан біз оны төмен бағамен сатамыз, - деп түсіндірді сатушы.

Дүкендегі кезек - өнімнің сапасына ешкім мән бермейтіндігінің тікелей дәлелі.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты

Тұрақты сатып алушылардың бірі отандық етке қарағанда мерзімі өтсе де импорттық тауарды алған дұрыс деп есептейді.

— Бұл қалыпты жағдай. Біз сапалы өнім сатып алуға әркімнің мүмкіндігі бола бермейтін елде тұрамыз. Бұл азық-түліктердің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де бұзылып кетпейді. Ал қазақстандық шұжықты біз ешқашан алмаймыз, өйткені мың теңгеге тұз бен қағаз ұсынады, - деп өз тәжірибесімен бөлісті ер адам.

Жанар Оңғарова - бұрынғы медбике. Ол мерзімі өткен өнімдерді сатуға ешкім назар аудармайтынына таң қалады.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты

— Тақырып өте өзекті. Қадағалау органдары қандай да бір себептермен мұндай сауданы бақыламайды. Мерзімі өткен тамақ денсаулыққа өте қауіпті. Мерзімі аяқталғаннан кейін бұл өнімдерде улы қоздырғыштар мен паразиттер пайда болады. Негізгі қоздырғышы - ішек таяқшасы. Бұл диареяға, температураға, әлсіздікке, өлімге әкелуі мүмкін. Нәтижесінде олар арзан өнім сатып алып, содан кейін емдеуге он есе көп ақша жұмсайды, - деп түсіндірді Жанар.

Бірақ, шамасы, мұндай болжамдар ешкімді қорқытпайды. Мерзімі өткен өнімдері бар дүкен клиенттерінің қатары өсіп келеді. Әлеуметтік желілерде олардың мекен-жайларын сұраушылар көп.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты

Бұл қалай болғаны? Бекшин қайда қарайды? Ал заң ше? Әлде оптовка заңға бағынбай ма? Шамасы, бұл СЭС бақылау аймағынан тыс жерде.

Опасная «оптовка»: почему алматинцы покупают просроченные продукты
Жандарбек Бекшин Almaty.tv

Алайда заң бар және оның баптары өте қатал.

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы — 4 — тармақша, 4-тармақ, 12-бап-ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерінің айналымына жол берілмейді.

Тіпті жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сату адамдардың жаппай ауруына немесе улануына әкеп соқпаса да, сатушыға айыппұл салынуы мүмкін (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы). Егер сатылған тауарлардың салдарынан жаппай ауру немесе улану орын алса, сатушыны қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін (ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы).

Оптовканы тексеру мүмкіндігі жоқ па? Әлде бәрі уланғанын күтіп отыр ма?

Авторы: Әсем Гумарова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар