Ауғанстанды басып алған талибандардың кезекті нысаны аталды

cover Фото: Noorullah Shirzada

Грузияның бұрынғы президенті, Украинадағы реформалар атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвили өзінің Facebook парақшасында  радикалды «Талибан» қозғалысының өкілдеріне қатысты баға берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Саясаткер 10 жыл бұрын американдықтар Ауғанстаннан кете салысымен Ауғанстан үкіметі құлап, Талибан қозғалысының жеңісі көп дегенде бірнеше айға созылатынын айтқанын еске алды.

— Мен Ауғанстанда бірнеше рет болдым және жергілікті халықтың соғысқа ерік-жігері жоқ екенін, тек американдықтарға арқа сүйейтінін өз көзіммен көрдім, - деді Грузияның экс-президенті.

Саакашвилидің айтуынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін басып алғанымен тоқтатамады. «Олардың келесі мақсаты Орта Азия болады» деді ол.

Ауғанстан - бәрімізге сабақ. Соғысуға деген ерік-жігерлерін көрсетсе ғана американдықтар көмектесе алады. Біз өзімізді қорғауға дайын болуымыз керек. Әлем өте тез өзгеруде, бұған дайын болу керек, - деп жазды Саакашвили.

Жексенбі, 15 тамыз күні «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдері Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын жариялады. Содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Мемлекет басшысы Ашраф Ғани отставкаға кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар