Ауғанстанда судья әйелдерге қастандықпен шабуыл жасалды

cover Қастандықтан қаза тапқан марқұмдардың туыстары оқиға орнына келіп жатыр. Кабул, 17 қаңтар 2021 жыл.

17 қаңтар күні таңертең Кабулда белгісіз біреулер Ауғанстан жоғарғы сотында жұмыс істейтін екі әйелді атып өлтірді, деп хабарлайды ORDA. жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Полиция мәлімдемесінше, таңғы 8:30 уақытында аты-жөні әлі аталмаған екі судьяға шабуыл жасалынған. Екі судья да оқиға орнында қайтыс болған. Көлік жүргізушісі жарақат алды.

Талибан қозғалысының баспасөз хатшысы содырлардың бұл қастандыққа қатысы жоғын айтты.

Талибан мен үкімет арасындағы бітімгерлік келіссөздерінің жүріп жатқанына қарамастан Ауғанстанда кейінгі айларда қастандық жасау көбейген. Шабуылдар ел астанасы Кабулда жиі орын алған. Лауазымды тұлғалардың қастандықпен өлтірілуі ел арасында үрей тудырып отыр. Шабуылға тап болып жатқандардың көбі – журналистер, адам құқығын қорғау жөніндегі белсенділер, өнер қайраткерлері және қоғамдық іспен айналысатын әйелдер.

Мұның алдындағы шабуыл Пентагон Ауғанстандағы әскерін 2,500 сарбазға дейін қысқартатынын мәлімдеген соң екі күннен кейін болған. Ел президенті Ашраф Гани бұл шабуылдың артында Талибан тұр деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар