Ауғанстан президенті Қазақстанда жасырынып жүр ме? – СІМ жауабы

cover Фото: RT

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Қазақстанда жасырынып жүрген жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Ол Қазақстанда жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін БАҚ Ауғанстан президентінің елден кеткенін, әйелі Рула және екі кеңесшісімен бірге Өзбекстанға ұшқанын хабарлаған болатын.

Ашраф Ғани өзінің фейсбуктегі жазбасында соғыстың алдын алу үшін отставкаға кетуге шешім қабылдағанын жазды. Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) мені құлату үшін Кабулдың барлық бөлігіне шабуыл жасауға дайын екенін ашық көрсетті. Қанды қырғынның алдын алу үшін мен кетуге шешім қабылдадым, - деп жазды Ғани.

Оның айтуынша, бұдан былай ауған халқына Талибан қозғалысы жауапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар