Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
Фото: Бейнеден кадр
Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының көзін түгелдей жойды деп айып тағылған күйеу балаға қатысты іс бойынша тергеу жаңа мәліметтермен толықты, оған аса ауыр қылмыстан бөлек, тергеу барысында қаза тапқандардың мүлкін жымқыруға байланысты қосымша айып қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Төрт адамды өлтірді деген күдікпен бұған дейін қамауға алынған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты ұрлық және алаяқтық баптары бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, әңгіме мал сату және жәбірленушілердің мүлкін иемдену туралы болып отыр.
Сондай-ақ күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты да тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ол стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Кейін оны Алматыдағы Сот сараптамалары институтына жіберуі де мүмкін.
Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне құқықтық баға берілген жоқ, оған бұлтартпау шарасы таңдалмаған.
«Күдікті Мұқанғалиева А. сот санкциясымен сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін түпкілікті құқықтық баға беріледі», деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Ведомство өкілдері тергеу мерзімі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің көлемі мен сараптама нәтижелеріне байланысты екенін атап өтіп, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасының төрт мүшесі кейін өлі табылған еді. Оларды өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезиядан Малайзия арқылы Қазақстанға экстрадицияланды.
Еске салсақ, бүкіл жұрттың жағасын ұстатып, дүрліктірген оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында болған еді. Сол кезде Жангелдин ауылында тұратын зейнеткерлер мен олардың ересек балалары түгелдей жоғалып кеткені белгілі болды. Кейіннен, 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті өз үйлерінің ауласындағы қорадан табылды.
Ұсталып елге келгенен кейін Сәрсемалиев тағы екі адамды Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олар көмілген жерді көрсетті. Марқұмдардың денесін Геолог шағын ауданындағы күдікті жалға алған үйдің ауласынан тапты.
Ақбаян Мұқанғалиева қазір Атырауда психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Оның іске қатыстылығын тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Атап айтарлығы — бұл іс министрліктің ерекше бақылауында.
Оқи отырыңыз:
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
Жаңалықтар
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
- Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған
- Әсет Матаев төбелескендерді ажыратпақ болып, соққыға жығылды — адвокат
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды