Атырауда жоғалып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

cover Фото: freepik.com

Атырау қаласында 11 жастағы жоғалып кеткен ер бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

26 қыркүйекте 11 жастағы оқушы сағат 15:00 шамасында мектептен шығып, үйіне қайтпаған. Туыстары алаңдап іздеу салған. Жедел түрде полиция құрамы да іздеуге кірісті. Бала түн ортасында қаладағы сауда үйлерінің бірінен табылды. 

«Бала аман-есен табылды. Авангард ықшам ауданында дүкен аралап жүрген», - деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар