Атырауда жасөспірім биіктіктен құлап кетті

cover

Атырауда Infinity сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктіктен ғимараттың кіреберісінің үстіне құлап, аспалы төбені тесіп өткен, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға кіреберістің айналмалы есік орналасқан бөлігінде болған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан төбенің бүлінген бөлігі мен құрылым сынықтары көрінеді.

Жасөспірімге жеңіл жарақат диагнозы қойылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.

Баласын қараусыз қалдырған ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органдарға сауда орталығындағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру тапсырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар