Атырауда жас фельдшерді атып кетті

cover Фото: Envato

Атырауда кеше, 17 тамызда фельдшер болып жұмыс істеген ер адамды атып кетті. 23 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Дерек бойынша бәрі жаппай төбелестен басталған. Кейінірек марқұмның достары көмекке жас жігітті шақырады. Алайда қақтығыс үдей түседі. Жанжал кезінде оқ атылып, ол оқ фельдшерге тиеді. Марқұмның артында жүкті әйелі қалды. 

Атырау облысының полиция департаментінің дерегінше, қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, мамырда Павлодарда баланы сүндетке отырғызған кезде денсаулығына зиян келтірген дәрігер сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар