Атырауда базар аумағында ірі өрт шықты

cover Фото: Pexels

Атырау қаласында Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
 
Оқиға туралы сол базардың киім сататын дүкеннің сатушысы хабарлаған.

«Атырау қаласында Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінің аумағында киім сататын бутиктердің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде контейнерден жасалған бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, өрттің көршілес бутиктерге тарау қаупі болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың көрші бутиктерге таралуына жол берілмей, өрт қысқа мерзімде 500 шаршы метр аумақта толық сөндірілді» деп жазылған  дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Өрт орнында жедел штаб пен төрт жауынгерлік учаске құрылғаны атап өтілді.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда»,  деп қосты ТЖМ.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар