Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды

cover Фото: freepik.com

Атырауда тікелей эфир кезінде 19 жастағы қызды ұрып-соқты деген күдікке ілінген 21 жастағы жігіт 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт бірнеше сағат бойы қызды ұрып, оған түрлі жарақат салған. Болған жағдайды ол әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсеткен.

Зардап шеккен 19 жастағы қыз ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің көмегін алған. Кейін оған амбулаториялық ем тағайындалған.

Еске сала кетейік, оқиға 8 наурыз күні таңертең болған. Күдікті ретінде Атырау қаласының 21 жастағы тұрғыны — Әлішер есімді жігіт ұсталды. Ол шамамен таңғы 6:00-ден 11:00-ге дейін қызды пышақтап, ұрып-соғып, қорлаған. Болған жағдайдың бір бөлігін Instagram стористеріне және Telegram мессенджеріне жариялапты.

Полицияның мәліметінше, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 21 жастағы жігітті ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін кінәлі деп танып, 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар