Атырау: Тұрғындар 300 млн теңгеге қаржы пирамидасының «тұзағына» түсті

cover

Атырау тұрғындары 300 миллион теңгеге қаржы пирамидасының «тұзағына» түсті, деп хабарлайды ORDA.

«Анықталғандай, Атырауда алаяқтыққа байланысты қылмыстар саны өсуде. Биылғы жылдың басынан бастап полиция 10 ірі алаяқтық фактісін тіркеді. Тек желтоқсан айында полиция бөлімшелеріне облыстың 40-тан астам тұрғыны ЖШС-нің бірінің директорының алаяқтық әрекеттеріне шағымданып, жүгінді. ЖШС қызметінің түрі ай сайынғы пайыздық мөлшерлемесі жоғары қаражат (актив) салумен байланысты болды. Жәбірленушілерге 300 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген. Сонымен бірге, осы ЖШС-не қатысты өтініштерді қабылдау жалғасуда», - деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Полиция тұрғындарды қаржы пирамидаларының тұзағына түсіп қалудан сақ болуға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар