«Атасы күдікті»: Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз босанды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында мектепте сабақ кезінде бір оқушы қыз іші ауырғанын айтып жылаған. Артынша оның жүкті екені және толғақ қысып жатқаны белгілі болды. Оқушы босанған күнге дейін оның жүктілігін ешкім білмеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбеде 13 қазан күні 14 жастағы жасөспірім босанды. Қазір оқушыны медициналық тексеруден өткізу үшін қалаға әкеле жатыр. Жағдайы бір қалыпты. Ал нәрестені туыстары алып қалған. Оқушы қыз ер баланы дүниеге әкелген екен.
Бейресми мәліметке сүйенсек, күдікті ретінде анасының өгей әкесі ұсталған.
«Оқушы 14 жаста. 9-сыныпта оқиды. Сабақтан қалып көрмеген бала. Үстінде үнемі мектеп формасы болады. Тығыршықтай қыз бала. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Кеше ұстаздар күніне 66 мұғалімнің алдына билеп шықты. Ештеңе білінбейді. Дене шынықтыру сабағында секіріп жүрді. Кеше сабақта «ішім ауырды» деп жылаған. Ауруханаға апарғанда жүктіліктің 39 апталығында екені анықталған. Толғатып жатқан», — деді мектеп директоры.
Оқушының қыркүйек айында медициналық тексеруден өткені белгілі болды. Бірақ ештеңе анықталмаған.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізу үшін жұмыс комиссиясы құрылғанын хабарлады.
Қазір полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті тұлға анықталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кешенді тергеу және іс жүргізу шаралары жүзеге асырылады.
Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД басшысының орынбасары Болат Көшқалиев.
Айта кетейік, 2024 жылы ҚР ішкі істер министрлігі статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтерінде кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 97 оқиға тіркелген. Ал оларға осы жыныстық сипаттағы күштеу әрі зорлық-зомбылық бойынша 87 оқиға тіркелді. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық сипаттағы 138 оқиға тіркелді.
Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша сотталғандардың саны бар статистиканы назарларыңызға ұсынамыз.

Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды