Ата заңның сақталуына бақылауды күшейту маңызды – Тоқаев

cover

Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімованы қабылдады. Кездесу барысында Президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Эльвира Әзімова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Президент Тоқаев конституциялық іс жүргізудің ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар