Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды туған-туыстары мен отбасының амандығын ойлауға шақырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирустың жаңа толқыны өте қауіпті. Барлық өңірде науқастар саны күрт көбейген.

– Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айрылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды.  Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды, - деді Президент.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар