AstraZeneca вакцинасы Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

cover Фото: Dado Ruvic / Reuters

Қазақстанда AstraZeneca вакцинасының жасауышылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz Tengritravel.kz. порталына сілтеме жасап хабарлады. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі таңда COVID-19-ға қарсы вакциналардың шетелдік өндірушілерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

– Қазақстандықтарды Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson препараттарымен вакциналауға бюджеттік қаражат бөлу мәселесі осы вакциналарды елге жеткізу туралы келісімге келгеннен кейін қаралады, - деді министрлік.

Бұл аталған вакциналарды ДДСҰ мойындаған. Оны алғандар еркін саяхаттай алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары бар. Бірақ олар Еуроодақ елдері мен АҚШ-та бекітілмеген. 

Бұған дейін Қазақстан AstraZeneca екпесін сатып алмайды делінген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар