Астаналық «емші» TikTok-тан тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен

cover Фото: freepik.com

Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы адамдарға «емшілік» қызметін ұсынған, деп хабарлайды Orda.kz.

Алаяқ әлеуметтік желі арқылы жәбірленушілердің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген. Кейін оларды емдей алатынын айтып, ақы сұраған.

Жалған емші 3 жәбірленушіден жалпы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты иемденген. Кейін тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды. Ол кінәсін мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар