Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: freepik.сom
Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға жұмадан сенбіге қараған түні елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Марқұм Семей қаласының тумасы болып шықты.
Полицияның мәліметінше, бұл факт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, соңы адам өліміне әкеп соққан қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдын ала анықталғандай, түнгі клуб маңында жас азаматтар арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан қайтыс болды», деп хабарлады Астана қалалық ПД өкілдері.
Айта кетейік, Теміртауда автобустағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Автобуста жанжал шығып, салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан пышақ жарақатын алды.
Жаңалықтар
- Садыр Жапаровпен ЖИ арқылы «суретке түскен» блогер жазаланды
- Атырауда базар аумағында ірі өрт шықты
- Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды
- Атырауда егде жастағы үш адам газдан уланып көз жұмды
- Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтарынан айырды
- Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды
- Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талл әл-Ахмер ауданына шабуыл жасады
- Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдо Эр-Риядта кездесіп қалды
- Әлем жаңажылдық отшашу мен дақпырттан бас тартты
- Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
- Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің кездесуі кейінге жылжығанын хабарлады
- «Жазықсызбын» деп зарлаған Малайзияның экс-премьері Наджиб Разак 15 жылға сотталды
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы қаншалықты өседі
- Теміртауда автобустағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
- Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде бес медаль жеңіп алды
- Киевке жасалған шабуылдан қала толықтай жарықсыз қалып, бір адам қаза тапты
- Кремльдегі «құпия» шәй: Путин мен Назарбаев жүздесті
- Қазақ тағамы әлемдегі үздік жүздіктің қатарында
- 2026 жылғы МӘМС-тің жаңа ережелері: Медициналық көмекті бюджеттен алуға бола ма?
- Қытай АҚШ-қа қарсы бірқатар санкция енгізді