Астанадағы тұрғын үй кешенінде лифт кенеттен құлап, бір адам қаза тапты
Фото: Pixabay
Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінің тұрғындары лифт апатына байланысты дабыл қақты. Олардың айтуынша, үш жұмысшыны көтеріп келе жатқан лифт кенеттен құлап, салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екі адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұрғындардың сөзінше, үй пайдалануға берілген күннен бастап лифт жиі істен шығып отырған. Кей кездері адамдар ішінде қалып қойған, тіпті бұрын да құлаған жағдайлар тіркелген. Бұл тұрғын үй кешенін «Елорда құрылыс компаниясы» әкімдікпен бірлесіп салған. Алайда лифттің жарамдылығын тексеру екі рет жүргізілгенімен, нәтижелері расталмаған. Тұрғындар бірнеше рет шағымданғанмен, мәселе шешілмей келген.
Бұған дейін, 15 тамызда, осы кешенде тағы бір төтенше оқиға болған: бойжеткен лифтпен көтерілген сәтте құрылғы тоғызыншы қабаттан төмен құлап кеткен. Абырой болғанда, ол тірі қалған.
Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Жұмысшылар лифтке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлімдеді полиция.
Ал Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, зардап шеккендердің бірі ауыр халде, екіншісінің жағдайы орташа.
«Екі жұмысшы көпбейінді қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі жарақат алғандар бөлімінде ем алуда. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», деп мәлімдеді басқарма.
Еске сала кетейік, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Хабар» тілшісінің реновация бағдарламасы бойынша сатып алынған жаңа үйлердің кейбірі апаттық жағдайда тұр деген сұрағына қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды