Астанадағы ШЫҰ сыртқы істер министрлері отырысында қайтыс болған Иран министрінің орнына кім келді?

cover Фото: СІМ

Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бұған дейін Ресей, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдеріндегі әріптестерін қарсы алу рәсімін өткізді. Қайтыс болған министрдің орнына Иран атынан оның орынбасары Мехди Сафари отыр.

Бірлескен отырыс барысында делегация басшылары халықаралық және аймақтық жағдай, қауіпсіздік мәселелері және ШЫҰ аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.

19 мамырда Иран президенті мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы таулы аймаққа құлады. Бір күн бұрын елдің вице-президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахианның қайтыс болғанын растады. Сондай-ақ бортта Табриз имамы Мохаммад Әли әл-Хашем, Шығыс Әзірбайжан провинциясының басшысы Малек Рахмати, тікұшақ экипажы мен күзетші болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар