Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

cover Фото: жеке мұрағатынан

Астанада журналист Ботагөз Омарова полицияға шақырылып, тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция бұл жағдай бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады. Іс «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қозғалған. Ресми мәліметке сүйенсек, журналист полиция ғимаратына (Сейфуллин көшесі, 37) «жауап беру және тергеу әрекеттеріне қатысу үшін» шақырылған.

«Түскен арыз негізінде О.Б. есімді азаматшаға қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді», деп хабарлады полиция департаменті

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар