Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Қазақтелеком АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин хабарлады. Оның айтуынша, іс-шараны өткізу туралы келісімге қол қойылған, деп хабарлайды Orda.kz.    

Қазақстан спорттық бағдарламалау мен технологиялар саласында әлемдік картада өз орнын сенімді түрде көрсетіп келеді. Федерация басшысы Багдат Мусин Астанада жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтетінін жариялады. Оның айтуынша бастама цифрландыру бағытын жалғастырып, Қазақстанның аймақтық технологиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Ол өз сөзінде қазақстандық бағдарламашылар қазірдің өзінде ірі технологиялық компанияларда сұранысқа ие және елдің цифрлық экономикасын дамытуға белсенді қатысып жатқанын айтты.

«Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі: 2024 жылы Қазақстан ICPC финалын қабылдады, ал 2025 жылы біздің құрама Қытайда әлем бойынша 4-орын алды. Бұл – ел деңгейін дәлелдейтін мықты нәтиже» деп жазды Багдат Мусин әлеуметтік желіде. 

Федерация мен AI-экожүйені қолдағаны үшін Жасұлан Мадиевке ерекше алғыс білдірді.

«Дәл осы мемлекет пен жеке сектордың синергиясы осындай нәтиже береді. Бүгінде Федерация тек ішкі экожүйені дамытып қана қоймай, сонымен қатар мектеп оқушысынан бастап жаһандық технологиялық командаларға дейінгі түсінікті даму траекториясын қалыптастыра отырып, Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын күшейтіп отыр».

Сонымен қатар Мусин Қазақстанда олимпиада өткізудің бірнеше негізгі тиімділігін атап өтті. Оның айтуынша олар:

  • әлемдік таланттар мен әлеуетті инвесторларға қол жеткізуге,
  • жаңа халықаралық серіктестіктерге,
  • қазақстандық мамандардың дайындық деңгейінің өсуіне,
  • елдің өңірлік технологиялық хаб ретіндегі имиджінің нығаюына көп көмектеседі.
«Астанада олимпиада өткізу – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев негізін қалаған Жасанды интеллект жылы бағытының заңды жалғасы. Мен үшін бұл – үлкен жауапкершілік әрі дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі» деп қосты ол.

Олимпиада әлемнің үздік жас таланттарын тартуға, жаңа инвестицияларға жол ашуға және елдің ІТ саласындағы позициясын күшейтуге ықпал етеді деп күтілуде.

Еске салсақ, биылғы наурыз айының басында Тоқаев  «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады. Мусин Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындысын баяндады. Бағдат Мусиннің айтуынша, бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үйге қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар