Астанада стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлім ашылды

cover

Астанадағы №1 көпсалалы қалалық ауруханасында алғаш рет ашық жүрекке сәтті ота жасалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл оқиға еліміз үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімнің ресми жұмысын бастағанын білдіреді.

Бұл бөлімнің ашылуы жүрек-қантамыр аурулары бойынша жоғары сұранысқа қатысты болды. Аталған ауру түрі  Қазақстанда өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себептерінің біріне айналыпп барады. Жаңа орталық аясында енді ишемиялық жүрек ауруына жоспарлы және шұғыл оталар, аортокоронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары кезінде қалпына келтіру және протездеу операциялары, сондай-ақ инфекциялық эндокардитке қазіргі заманғы хирургиялық түзету әдістерін қолдану арқылы емдеу жүргізілетін болады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, елорда халқының өсуі мен республикалық мамандандырылған орталықтар жүктемесінің артуын ескере отырып, жаңа бөлім денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты едәуір азайтады және өмірлік маңызды оталарға қолжетімділікті жеделдетеді.

Заманауи тәсілдер мен ерте диагностика және емдеу хаттамаларын енгізу — жүректің ишемиялық ауруының асқынған түрлері мен жіті коронарлық синдромнан өлім-жітімді азайтуға, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және инфекциялық асқынулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге ықпал етпек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар