Астанада ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогер ұсталды
Фото: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде gulnara.blogger лақап атымен танымал блогер өзінің Instagram парақшасында дау тудырған бейнеролик жариялап, елдің ашуына тиді. Көп ұзамай оны полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлнәр есімді блогер «ауру балалардың әкесі, не шешесі кезінде жеңіл жүрісті болған, содан ауру бала дүниеге әкелді» деп айтқан еді. Кейін оның сөздеріне ашуланған ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар полицияға арыз түсірді.
Полиция блогерді ұстап, кішігірім бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Ведомство іс материалы жақын арада сотқа берілетінін айтты.
«Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Біз азаматтарды ақпарат жариялауға жауапкершілікпен қарауға, басқа адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз», деп мәлімдеді елордалық ПД.
Айта кетейік, қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу