Астанада 8 наурызға орай әйелдерге берілетін ақшалай төлемді кімдер алады?

cover Фото: Depositphotos.com

Халықаралық әйелдер күніне орай кей санатқа жататын әйелдер бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 8 наурыз қарсаңында шамамен 37 мың азаматшаға 2,5 АЕК мөлшерінде (10 813 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

«Бұл төлем Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген. Әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады», деп хабарлады басқарма.

Төлем Астана қаласында тұрақты тіркелген көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ аз қамтылған аналарға беріледі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар