Жүйе күйреткен банк: Астана әкімдігі неліктен мүлкінен бас тартып жатыр?

Астана әкімдігінің көлік компаниясы City Transportation Systems (CTS) миллиардтаған теңгеге бағаланатын түрлі мүлікке ие болған еді. Енді аяқ асты бар мүлкін таратып, «құтылуға» асығып жатыр. Orda.kz редакциясы елордалық әкімдікке қарасты «еншілес» компанияның иелігіне ондаған жер телімі, бизнес үлестері мен коммерциялық нысандар қалай өткенін анықтады.
Мемлекеттік мүлік аукционының сайтында CTS-ке тиесілі әртүрлі активтерді сату туралы ондаған лот жарияланған. Бұл қоғамдық көлікпен айналысатын мемлекеттік компания үшін тосын жағдай.
Толық тізім осындай:
- Астанадағы 21 жер учаскесі — 3,7 млрд теңге;
- Алматыдағы өндірістік база — 145 млн теңге;
- Алматыдағы мейрамханаға арналған нысан — 873 млн теңге;
- Алматыдағы тағы бір коммерциялық нысан — 221 млн теңге;
- Астанадағы аяқталмаған тұрғын үй кешені — 3,7 млрд теңге;
- Астанадағы 11 тұрақ орны — 15,7 млн теңге;
- Ақтаудағы жер учаскесі — 956 млн теңге;
- Санкт-Петербургтегі «Финнград» АҚ зауыты — 9,8 млрд теңге
Бұл активтердің бәрінің жалпы құны шамамен 20 млрд теңге болады. Кейбір нысандар бір жылдан астам уақыт бойы сатылымда тұр, бірақ әзірге ешқайсысын сата алмаған.


Бұл мүліктер қайдан пайда болды?
Шын мәнінде, бұл бесенеден белгілі нәрсе. Бұрын City Transportation Systems компаниясы Astana LRT деп аталған. Бұл компания елордадағы көп қиындыққа тап болған жеңіл рельсті метро жобасымен айналысып келеді. Құрылысқа арналған барлық қолма-қол қаржысы (257,6 млн доллар) сол кезде атышулы болған «Астана Банкіне» салынған еді. Бірақ бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың банк құлдырап барады деген сөзінен кейін күрт өзгерді. Банк шынымен банкротқа ұшырады.
Енді банк өз клиенттеріне түрлі мүлікпен, жер учаскелерімен, коммерциялық нысандармен, бизнестегі үлестермен есеп айырысып жатыр.



«Астана Банкі» қиындықтарға қалай тап болды?
2018 жылы «Астана Банкі» күрделі мәселелерге тап болды. Клитенттерлің сенімі жоғалды, үлкен несиелер бере бастады, сұраныс азайды.
2018 жылдың 18 сәуірінде Ұлттық банктің жұмысы бойынша өткен кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше қаржы ұйымын, соның ішінде «Астана Банкін» елдің алдында сынға алды. Ол кезде президент акционерлер банктерді жауапсыз басқарғанын, соның салдарынан қарыздар көбейіп, салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындай алмай отырғанын айтты.
Назарбаевтың «қаржы секторында тәртіп орнату» және «адал емес банкирлермен қатаң күресу» туралы үндеуінен кейін «Астана Банкінің» төбесіне қара бұлт үйірілді. Салымшылар жаппай ақшаларын шешіп ала бастады, банкке сұраныс азайып, дағдарысы туындады. Біраз уақыттан кейін банктің лицензиясын уақытша тоқтатып, артынша толығымен қайтарып алды. Ресми себеп – заңнаманың бұзылуы.
2018 жылдың көктемінде Ұлттық банк банктің кейбір операцияларына шектеу қойды, ал сол жылдың қыркүйегінде «Астана Банкі» ресми түрде төлем жасауға қабілетсіз деп танылды. 2019 жылы сот шешімімен банк таратылды.


Ақыры мыңдаған салымшы өз қаражатына қол жеткізе алмай қалды, бас кеңсе қаңырап бос қалды. Ал «Астана Банкі» — билікке қажет болмай қалған кезде қалай әп-сәтте құлдыратып жіберетінінің бір мысалына айналды.
Зардап шеккендердің бірі – елорданың ірі жобасы Астана LRT желісі болды. Құрылысты қаржыландыруға арналған қаражаттың бір бөлігі банкрот болған банктің шоттарында тұрып қалды. Бұл онсыз да тұралап жатқан құрылысты бірнеше жылға кешіктірді.
Мемлекет жоғалған миллиардтарды банкті тарату рәсімі арқылы қайтаруға тырысты. Алайда қаражат нақты ақшалай қайтарылмады. Мемлекетке банкрот болған банктің активтері – негізінен жылжымайтын мүлік пен дауға толы қарыздар ғана тиді. Олардың нақты құны өз бағасынан әлдеқайда төмен, әрі оларды сату да ұзақ әрі қиын процесс.
Шын мәнінде, тек алты жылдан кейін ғана мемлекет ол ақшаларды біртіндеп қайтарып жатыр. Бірақ олар енді қолма-қол ақша емес, сатылуы немесе қайта бағытталуы тиіс сұранысы төмен активтер түрінде қайтарылып отыр.
«Баяғы жартас — бір жартас, қаңқ етер түкті байқамас». Тұралаған Астанадағы LRT әлі күнге дейін аяқталмады. Ал жүйе күйреткен «Астана Банкінен» келген миллиардтаған шығын әлі толық өтелген жоқ.
Автор: Илья Астаханов
Жаңалықтар
- Президент бокстан Әлем кубогының жеңімпаздарын құттықтады
- Илон Маск АҚШ-та жаңа саяси партия құрды
- Назым Қызайбай ел қоржынына әлем кубогының алғашқы алтынын салды
- АҚШ-тағы су тасқыны: Тоқаев Трампқа көңіл айтты
- Аятолла Хаменеи соғыстан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
- «Нұр-Атам құдайым»: Нұрсұлтан Назарбаев шексіз билік иесіне қалай айналды?
- 12 қазақстандық боксшы Астанадағы Бокстан Әлем кубогының финалында бақ сынайды
- Израильдің соққысынан бір тәулікте 78 адам қаза тапты
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды