Астана күні Қосшыда жиырма отбасы пәтер кілтін алды

cover

Астана күніне орай Қосшы қаласында жиырма отбасы баспана иесі атанды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.       

Соның ішінде ҰОС ардагерлері, көп балалы аналар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы баспаналы болды.

«Dream park» тұрғын үй кешенінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 20 отбасы – ҰОС ардагерлері, көп балалы аналар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтер иелері атанды.

Жаңа тұрғындарға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келді.

«Өз баспанасына ие болу – әрбір отбасы, әрбір адам үшін үлкен мереке 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана мәселесін шеше алды», - деді облыс әкімі.


Қала мәртебесін алғаннан бері Қосшыда 267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 2384 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік туды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін Қосшыдан жергілікті тұрғындар үшін тағы жүзге жуық пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұл көп балалы отбасылардың, жетімдердің, мүгедектердің және басқа да әлеуметтік маңызды санаттағы адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар