«Астана Банкі» АҚ-ның бұрынғы иесіне үкім шықты
Фото: Orda.kz
22 сәуір күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана Банкі» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және негізгі акционері Олжас Тоқтаровқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
Тоқтаров агенттік қызмет бойынша қаржы жымқырғаны және банкрот болар алдында Алматыдағы бизнес-орталықты бағынышты құрылымға заңсыз бергені үшін кінәлі деп танылды.
Ол сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 14 миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленеді. Тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік нысандар, жер телімдері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар т.б. мемлекет қарамағына өтті.
Сондай-ақ банктің бірнеше қызметкері де кінәлі деп танылды. Алайда олар тергеу және сотпен ынтымақтастық жасағандықтан, оларға бас бостандығынан айыру емес, басқа жазалар тағайындалды.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады