Астана әуежайындағы өртке байланысты адамдар эвакуацияланды

cover

27 ақпан күні таңертең терминалдар арасындағы галереядағы түтінге байланысты елорда әуежайынан адамдар эвакуацияланды.

Өрт сағат 08:24-те сөндірілді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«№2 терминалдың серверлік бөлігінде 10-15 шаршы метр электр кабельдері өртенді» деп хабарлады ведомстводан.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар