Астана әкімдігі жылу беру маусымының қашан тоқтайтынын айтты

cover Фото: freepik.com

Қазақстанда ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы аяқталып келеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі астаналықтардың үйлеріне жылу беру қашан тоқтатылатынын айтты.

«Сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы 10 градусқа жылы және одан жоғары болған кезде күнтізбедегі бес күн ішінде Астана қаласының әкімдігі жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды»,  деп хабарлады әкімдік.  

Айта кетейік, Алматыда 10 сәуірден бастап жылу беру тоқтайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар