Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады

cover Фото: бейнеден кадр

Әлеуметтік желілерде әскери басшының қызметкерге дөрекі сөз айтып, балағат сөздер қолданған видеосы тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Кадрларда Қызылорда облысындағы әскери басқарма өкілдерінің онлайн-жиналысы түсірілгені айтылады. Онда департамент басшысы Жасұлан Шанкұлов қол астындағы қызметкерлердің бұйрықты орындамағаны үшін сөгіп, бейәдеп сөздер қолданған.

Қорғаныс министрлігі видеодағы жиналыстың расында Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдары арасында өткенін растады. Олардың мәліметіне сәйкес, бейнежазба 2025 жылдың 9 маусымында түсірілген.

«Жиналыс барысында облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы бағыныштыларына қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін талап қойған кезде әдеп нормалары сақталмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі»,  деп хабарлады ведомства.

Қазір бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар