Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

cover

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.

Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауының орындалу барысы қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов баяндады.

Аталған отырыста мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектепте оқыту стандарттарын жаңарту, жер қойнауын пайдалану және т.б мәселелер қаралған.

– Отырыста мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектепте оқыту стандарттарын жаңарту және функционалдық сауаттылықты дамыту, экономиканың энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, ауыл шаруашылығында су шығынын азайту, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындауды, оның ішінде цифрландыру арқылы жеңілдету мәселелері қаралды, делінген хабарламада.

Экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға стратегиялық инвесторларды тарту, өңдеу секторы мен экспорттық әлеуетті дамыту, негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ұлттық экономиканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар