Арыстанбек Мұхамедиұлы иемденіп алған спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

cover Фото: Orda.kz

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап арызы бойынша мәдениет экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы иелік еткен 1,2 миллиард теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

2024 жылы 17 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сатуды жарамсыз деп тапты.

Сотта мүліктің нарықтық құны 551 миллион теңгеге төмендетілгені анықталды. Мектеп мүлкі, оның ішінде әкімшілік ғимараттары, спорт залдары және 4,9 га жері Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты «Nomad's Land» ЖШС-не тиесілі болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар