Арнайы жасақ қызметкері адам өлтірді: Сот басталды
Фото: «Менің қалам»
БҚО-да фельдшерді өлтіргендерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Orda.kz «Менің қалам» басылымына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне қарасақ, 2024 жылдың 17 қарашасында 30 жастағы фельдшер Дияр Туысов кісі қолынан қаза тапты. Марқұмның әкесі Берік Иржанов ұлының басынан бірнеше соққы алғанын айтты. Жігіт ауруханада көз жұмды. Марқұмды жерлеген күні оның қызы дүниеге келген болатын.
Күдікті ретінде 24 жастағы Әлихан Биғазиев, 21 жастағы Мирлан Нұрсұлтанов және 24 жастағы Еламан Досқалиев ұсталды. Әлихан Биғазиевтың арнайы жасақ қызметкері екені анықталды. БҚО полиция департаменті мен ІІМ қылмыс кезінде ол органда жұмыс істемегенін, одан бұрын жұмыстан шығарылғанын айтты. Алайда олар жұмыстан шығарудың нақты күні мен бұйрық нөмірін көрсетуден бас тартты.
Бүгін, 7 сәуір күні негізгі сот отырысы басталды.
Бастапқыда қылмыстық іс «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергелді. Бірақ кейінірек бұл іс ҚР ҚК-нің 106-бабына «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қайта өзгертілген. Марқұмның туыстары бұл шешімге қарсы шықты.
Orda.kz алдағы уақытта осы сот отырысы жайлы ақпарат береді.
Жаңалықтар
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады