Армения оппозициясы Пашинянға қарсы импичмент жариялайды

cover Фото: News.am

Премьер-министр Никол Пашинянның саясатына наразы он мыңдаған азамат Ереван орталығына жиналды.

Әзірбайжанмен шекараны делимитациялауға қарсы шерулерді басқарып отырған архиепископ Баграт Галстанян парламенттегі оппозиция Никол Пашинянға импичмент жариялау процесін бастауға келісетінін айтты.

«Арменияның екі парламенттік фракциясы Пашинянға қарсы импичмент рәсімін бастауға дайын»,- деді Галстанян Еревандағы митингіде.

Ол импичмент үшін 20 дауыс жеткіліксіз екенін, наразылық қысымын күшейту керектігін атап өтті. Архиепископ жұма күні бейбіт түрде бағынбауға және ереуілге шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар