Арқалықта хирург науқасқа мас болып ота жасады деген күдікке ілінді
Фото: medical-training.ru
Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған отасынан кейін науқас қайтыс болған. 61 жастағы ер адам ота үстелінде көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Баласы әкесінің қайтыс болғанын ота бөлмесіне кірген кезде дененің жаймаға оралып жатқанын көргенде білген. Марқұмның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып алған. Олар дәрігердің мас болғанын айтты. Тіпті көлігінен сыраның бос шөлмектері табылған екен.
Полиция ер адамды медициналық куәландыруға жеткізді. Марқұмның қызы Әсел Оспанова дәрігердің мінез-құлқы отадан бұрын да күдік тудырғанын айтты.
«Медбикелер оның дірілдеп, аяғына әрең тұрғанын көрді. Отадан кейін ол кабинетте ұйықтап кетті», — деді ол.
Облыстық жедел жәрдем станциясы науқастың отадан соң қайтыс болғанын растады.
«Бұл қай кезеңде болғанын сараптама көрсетеді. Ота бөлмесінде арнайы топ жұмыс істейді. Процеске кім қатысқанын анықтау керек», — деді бас дәрігердің міндетін атқарған Олег Мелешенко.
Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында ота кезінде науқастың қайтыс болғанына қатысты пікір білдірді.
«Ол жерде Фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінде тиісті іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша түсінік береміз. Полиция департаменті нақты мәлімет бермей отыр, бірақ біз өз тарабымыздан маман тағайындадық», — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, 2022 жылдың жазында жұмбақ жағдайда жоғалған алматылық фотограф Захар Свириденконың мәйіті табылды. Оны әріптесі пышақтап өлтіріп, денесін көміп кеткен.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?