Қарағанды облысынан көлік ұрлап қашқан күдікті елордада полицейді қақты

cover

Қарағанды облысының Жаңарқа елдімекенінен «Митцубиси» маркалы көлікті ұрлап қашып кеткен адам елордада ұсталды.

 Бұл туралы Orda.kz   Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеп хабарлайды.

— 25 қыркүйек күні сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елд мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Митцубиси» маркалы автомобильді айдап кеткені туралы бағыттама түсті. Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалды. Автопатрульдерге көлік ұрысын ұстау туралы ақпарат жедел таратылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген заңды талабына бағындай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жол жүрісі ережесін өрескел бұзды, - деді департамент.

Ведомство хабарлағандай полиция қызметкерлері күдікті көлікті Тәшенов көшесі бойында қоршауға алған. Бірақ, ұрланған көліктің рөлінде отырған күдікті артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кетеді.

— 22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша оқшау орнына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкеткен күдіктінің үстінен ҚР ҚК 380-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды, - деді қалалық полиция департаменті.

Дене жарақатын алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар