Апаттан зардап шеккен қыз: Вице-министр «диван сыншыларына» жауап қатты
Фото: Instagram / help.aluabeken
Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлан Ержанов Астанадағы жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған жеті жастағы қызға қатысты дәрігерлерге тағылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде қыздың аяғы дәрігерлердің қателігінен кесілді деген ақпарат тараған. Вице-министр мұндай пікірлерді «диван сыншыдары» деп атап, негізсіз деп бағалады.
«Бірден айтқым келеді: кейбір азаматтардың дәрігерлерді сынауы орынсыз. Бала өте ауыр жарақат алған, жұмсақ тіндері мүлде жаншылып қалған. Мұндай жағдайда ең басты мақсат — оның өмірін аман алып қалу болды. Аяғын сақтау мүмкін болмады», — деді Ержанов.
Оның айтуынша, хирургтар бекітілген медициналық хаттамаға сай әрекет етіп, баланың өмірі үшін бар күшті жұмсаған.
«Жағдайды толық білмей тұрып, сырттан тон пішетіндер дәрігерлердің кәсіби шешімін жоққа шығарып жатыр. Меніңше, әріптестерім қолдан келгеннің бәрін жасады. Бүгінде баланың аман қалуы — солардың еңбегінің нәтижесі», — деді вице-министр.
Дәрігерлердің мәліметінше, қыз ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілген: көп қан жоғалтқан, травматикалық шок алған.
«Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол стационарда ем алып жатыр, жанында психологтар жұмыс істеп жатыр. Өміріне тікелей қауіп жоқ», — деді Ержанов.
Жол апаты 3 маусым күні Астанада болған. Оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті.
Апаттан кейін еріктілер бүлдіршінге көмек көрсету үшін қаражат жинай бастаған. Қыздың анасы бес баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Отбасы жуырда ғана Ақмола облысынан елордаға көшіп келген.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр