Антикор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай челлендж жолдады
Фото: .ecc.kz
Антикор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның өлеңдер мен қара сөздерін оқудан челлендж жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Абай Құнанбайұлы — ұлы ақын ғана емес, терең ой иесі, кемеңгер философ. Оның әрбір қара сөзі мен өлең жолдары – рухани ізденістің, адамгершілік пен парасаттылықтың, сондай-ақ қоғамда тәртіпті сақтаудың биік үлгісі, деп жазады сыбайлас жемқорлық күрескерлері.
Челлендж шарттары:
- Абайдың кез келген өлеңінен (қара сөзінен) үзінді оқу (бейнебаян).
- Өз ойыңызбен бөлісу — осы өлең Сізді неге үйретті? (Өз еркіңіз бойынша).
- Бейнебаян #Абай180 #Абай180Челлендж #Абай180жыл хештегтерімен жүктеу.
- Эстафетаны өз еркіңізбен бірнеше мекемеге/ұйымға/әріптестеріңізге жолдау.
Еске салсақ, 2022 жылы елордада «Абайдың соңғы күндері» атты тарихи-деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Фильм ұлы ойшылдың өмірінің соңғы 40 күнін баяндайтын туралы Орда жазған болатын.
Биылғы сәуір айында Армениядағы Қазақстанның мәдениет күндері кезінде Ереванда Абай атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті.
Былтыр 24 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазандағы XVI БРИКС саммитіне жұмыс сапары аясында Татарстан астанасындағы Назарбаев көшесінде Абай бюсті ашылды.
Жалпы еліміздің әр өңірінде, әр мекемесінде ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған Абай оқулары мен челлендж, эстафеталар қара күзге дейін жалғасып кемеңгердің 180 жылдығына ұласады.
Жаңалықтар
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров