Әнші Рүстем Жүгінісов сотталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Әнші Рүстем Жүгінісовке әкімшілік құқықбұзушылық үшін 79 мың теңге айыппұл салынды. Бұл шешімді астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шығарды. Сотта әншінің екі оқиғасы қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірінші оқиға. 2023 жылдың 31 желтоқсанында Рүстем Жүгінісов өзінің TikTok-тегі Zhugunussov парақшасында: «жаңа жылды атап өту керек пе?» деген сұрақ қойды. Оның айтуынша, пайғамбарлар да, ата-бабаларымыз да бұл мерекені тойламаған.
Екінші оқиға. Ақтөбе мешітінде бір ер адамның жас қызға жыныстық емеурін көрсетуіне қатысты әншінің айтқан пікірі. Сол оқиғада қыз ер адамның бір реттік неке ұсынғанын айтқан еді. Рүстем Жүгінісов сол кезде қызды арандату жасаған деп айыптап, мешітке жалғыз бармауын, әкесімен немесе бауырымен бірге баруды ұсынды.
Сараптама көрсеткендей, бұл пікірлер қоғамда діни араздыққа алып келуі мүмкін.
Соңында әнші әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды